top of page

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

Айнұр
ИДРИСОВА

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ.

ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР. ЖАУАПТЫ БОЛАШАҚ.

f05a7e37-ce1e-474c-b168-0295dca97111.png

Қазақстанның орнықты дамуы – қуатты өңірлерден, күшті заңнамадан, кәсіби мемлекеттік басқарудан және әрбір азаматқа деген құрметтен басталады.

Менің пайымдауымша, Құрылтай тек заң шығару бастамалары талқыланатын қоғамдық алаң ғана емес, еліміздің болашағын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданатын тиімді диалог алаңы болуға тиіс.

Менің кәсіби жолым мемлекеттік басқарумен, заңнаманы жетілдірумен, кәсіпкерлікті дамытумен, мемлекеттік қызметшілерді даярлаумен және заманауи басқару шешімдерін енгізумен тығыз байланысты. Бүгінде осы жинақтаған тәжірибемді жаңа қоғамдық бастамаларды қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогті нығайтуға, сондай-ақ ұзақ мерзімді реформаларды ілгерілетуге жұмсауға дайынмын.

МЕН ТУРАЛЫ

Менің атым Айнұр Маратқызы Идрисова.

Мен 1984 жылғы 10 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа кентінде дүниеге келдім.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін, сондай-ақ Францияның Ұлттық мемлекеттік басқару мектебінде (ENA) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алдым.

Он бес жылдан астам уақыттан бері кәсіби қызметім Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға арналды.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Ұлттық ғарыш агенттігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде қызмет атқардым.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңды әзірлеуге, мемлекеттік сатып алу жүйесін цифрландыруға, отандық өндірушілерді қолдаудың заманауи тетіктерін енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік реттеу құралдарын жетілдіруге қатыстым.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалына жетекшілік етемін. Бұл қызметте қоғам мүддесіне қызмет ететін, кәсіби, жауапты мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын даярлаумен айналысамын. «Ауыл» партиясының мүшесімін. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін еркін меңгергенмін.

_90A8060.jpg
23d4ea0a-6e19-46ab-83f0-8a83421859c1.png

МЕНІҢ МИССИЯМ

Мен қазіргі Қазақстанға жаңа технологиялар мен экономикалық өсім ғана емес, ең алдымен сапалы мемлекеттік басқару, мықты институттар және кәсіби мамандар қажет екеніне сенемін.

МЕНІҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕМ

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымда Қазақстанның заманауи мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға ықпал еткен жобаларды іске асыруға қатыстым.

Негізгі нәтижелерім:

  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін әзірлеуге қатысу;

  • арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жетілдіруге қатысу;

  • электрондық мемлекеттік сатып алуды енгізу;

  • отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін дамыту;

  • көліктік бақылаудың мобильді бекеттері тұжырымдамасын әзірлеу;

  • Мемлекеттік басқару академиясы арқылы жаңа буын мемлекеттік қызметшілерін даярлау.

Осы жобалардың әрқайсысы мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ экономика мен қоғамның дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды.

23d4ea0a-6e19-46ab-83f0-8a83421859c1.png

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ

Біздің құндылықтарымыз – салт-дәстүрге құрмет, отбасы құндылығы, мәдени мұраны сақтау, шынайы патриотизм және адал азамат қағидаты

ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ

Адамдармен тұрақты байланыста болу мен үшін өте маңызды.

Осы сайт арқылы өз ұсынысыңызды, бастамаңызды және сұрақтарыңызды жолдай аласыз.

Конструктивті қоғамдық диалог – қуатты мемлекеттің негізі. Дәл осы ашықтық, кәсіби сараптама және қоғам мен мемлекеттің бірлескен жұмысы азаматтардың мүддесіне сай келетін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Мен Қазақстанның болашағы даңғаза ұрандармен емес, күнделікті кәсіби еңбекпен, жауапкершілікпен және бірге қуатты, әділетті әрі заманауи мемлекет құруға деген дайындықпен қалыптасатынына сенемін.

Кері байланысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Ашық диалог тұрақты қарым-қатынассыз мүмкін емес.

Әлеуметтік желілерде мен кәсіби бастамаларым, сараптамалық пікірлерім, жұмыс сапарларым, қоғамдық іс-шараларға қатысуым туралы жазамын және азаматтардың сұрақтарына жауап беремін.

  • Facebook
  • Instagram
БІЗГЕ ТІРКЕЛІҢІЗ

© 2026 by DSBEN GROUP

bottom of page