Алматы қаласында тұрғындармен өткен кездесу
- www.idrissova.kz

- 14 hours ago
- 1 min read
Қайырлы күн, қадірлі ағайын!
Кеше Алматы қаласында тұрғындармен өткен кездесуде шағын ғана, бірақ мәні терең сауалнама жүргізуді жөн көрдім. Көпшілікке қарапайым сұрақтар қойдым: «Сіз үшін ауыл деген не? Ауылмен нені байланыстырасыз? «Ауыл» деген сөзді естігенде ойыңызға ең алдымен не келеді?».
Жауаптардың әрқайсысы жүрекке жылы тиді. Бірі туған жерін еске алды, бірі кең даланы, самал жел мен таза ауаны айтты.
Бірі ақ жаулықты әжесін, ақ сақалды атасын, олардың тәлім-тәрбиесін сағынышпен еске түсірді. Енді бірі ауылдың табиғи өнімдерін, көршіге сүйеу, ағайынға тірек болатын бауырмалдық қасиетін ерекше ықыласпен әңгімеледі.
Бүгінде көпшілігіміз қалада өмір сүрсек те, жүрегіміздің бір түкпірінде

Comments